Париж маңындағы Нуази-лё-Граң (Noisy le Grand) коммунасында жойқын жарылыс болып, салдарынан 5 адам жараланды. Қазір олардың біреуінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды DailyStar.
Ақпаратқа сәйкес, мұндағы тұрғын үйде қатарынан екі рет жойқын жарылыс болған. Апатқа сол үйде тұрған екі газ баллонның жарылуы себеп болыпты. Соңғы мәліметке сәйкес, қос жарылыстан 4 адам қаза тапқан.
Дереккөз: 24.kz