Атырау, 28 қараша 00:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Прокурор» ісі: Ауруханадан тергеу абақтысына ма?

2 493 просмотра

Прокурордың бұрынғы көмекшісіне қатысты орын алған атышулы оқиға күтпеген бағыт алды. 31 қаңтарда өзін-өзі өртеген Лейла СМАДЬЯРОВА қамауға алынады.

Бүгін, 2 ақпанда оған қатысты қылмыстық іс бойынша өтіп жатқан кезекті сот отырысы барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушы үшін бұлтартпау шарасын үйқамақтан 2 ай мерзімге қамауға алу шарасына өзгерту туралы өтініш берді. №2 қалалық сотының судьясы Эльмира ОЙҚҰЛОВА өтінішті қанағаттандырды.

Қылмыстық-іс жүргізу тәжірибесінде судьяның қаулысы шұғыл орындалуы тиіс. Алайда, Смадьярованың Атырау облыстық ауруханасының хирургиялық бөлімшесінде күйіктен ем алып жатқанын еске салып өтейін. Біздің нақтыланған мәліметтеріміз бойынша, дәл қазір ол ауруханада жатыр.

Смадьярова жұмыс бабымен 2013 жылы Алматыдан Атырауға көшіп келген. Біздің мәліметтеріміз бойынша, оның асырауында екі баласы бар, бірі омыраудағы бала екен.

Бұл іс үлкен резонанқа ие болды. Оған жақын жүрген адамдар оны өз әріптестерінің қастық әрекеттерінің құрбаны болғанын растайды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

2 ақпан 2017, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.