Атырау, 28 қараша 00:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ұйқыдағы патруль... Балағат сөздер!

Толықтырылды Бейнежазба
3 132 просмотра

Атырау полицейлерінің өмірі туралы қызықты екі бейнежазбаны «АЖ» оқырманы редакцияның WhatsApp нөміріне жолдапты.

Автордың хабарлауынша, биылғы қаңтар айының басында түсірілген бірінші роликте ұйықтап жатқан екі полицей отырған патрульдік полицейлер автокөлігі бейнеленген.

  

- Біздің құқыққорғау органдары бізге осылай қамқорлық жасайды. Таңғы сағат жетіде Маслопром ауданында, көлікжайлар жанында ұйықтап жатыр. Машинаның бортты нөмірі УПП №1, екеуі де ұйқыда... – деп комментарий береді кадр сыртындағы дауыс.

Осы тақырып бойынша екінші бейнежазба Атырау қалалық ІІБ жол-патрульдік полициясының қызметкерлерімен болған жиналыста түсірілген. Бұл жерде полицей басшыларының бірі өз бағыныштыларымен жағымсыз фактіні талқылауда.

- Жұмыс жасағыларың келмесе – орындарыңды босатыңдар. Бір апта уақыт беремін, арыздарыңа қол қоямын. Облыстық ІІД маған дұрыс қарайды, бірақ мен бір жерді емес... нәтижесін көрсетуге тиіспін ғой. Ол дұрыс айтады – рота командирі, сені не үшін түнде қалдырды?! Сен рота үшін жауап бересің, сені алдайды, ал сен мені алдағың келеді. Егер ұйқыдан сондай өліп бара жатсаңдар, ауысыңдар! Біреуің темекі тартыңдар, кім не дейді... Ал егер гараждың түбінен біреу шыға келіп, атса ше? Сырт жағыңнан атылған бір оқ жетіп жатыр. Мен 20 жыл қызметімді бұған айырбастамаймын...

Екінші бейнежазбаны қарасаң, бұл командирдің өз қарамағындағыларға жеткізгісі келген әңгімесінің үштен бірі ғана, қалғаны балағат сөздер.

Ескерту! Бейнежазбада балағат сөздер бар! 18+

Біздің құқыққорғау органдарындағы дереккөзіміз хабарлағандай, Атырау қалалық ІІБ-да жақында ғана жиналыс өтіп, «ұйқыдағы патрульге» қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп, кінәлілерге тәртіптік жаза тағайындалған.

Мұны ІІБ баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА  да растады. Ол күзетудің орнына көлік салонында бірге ұйықтап қалған Атырау қаласы жергілікті полиция қызметкерлеріне (учаскелік инспектор мен ЖПҚ қызметкері) қатысты тергеу жүргізілгенін айтты. ІІБ Өзіндік қауіпсіздік басқармасы заңбұзушылықтың 1 қаңтарға қараған таңда орын алғанын анықтап, кінәлі қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылған.   

Екінші бейнежазбаға қатысты біздің дереккөзіміз полиция қызметкерлерінің бұл жиыны басқа өңірде болғанын хабарлады, ІІМ орталық аппатарының қызметкерлері қай өңірде екенін анықтауда. Бір таңқаларлығы, бұл жиында да қамсыз қызметкерлерді гараждардың маңында қызметтік көлікте ұйықтап қалғандары үшін қатты сөгістің астына алуда. Сондықтан біз бұл қай қала екенін анықтайтын ақпарды Астанадан күтетін боламыз.  

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ   

1 ақпан 2017, 14:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.