Бүгін Теңіз кенішінде ереуілдеткен «Кентек Казахстан Техникал Сервисез» ЖШС-нің 120 қызметкерінің жұмыссыз қалғаны белгілі болды.
Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Нұрадин ӨМІРБАЕВ компаниядағылар олардың жұмыс орындарын өз еркімен босатқанын ерекше атап өткенін айтады.
Естеріңізге салайық, ереуілдеткендер жалақыларын елу пайызға көтеруді талап еткен болатын, алайда, басшылық тек 12 пайызға көтеруге келіскен еді.
Бүгінде ЖШС қызметкерлері орташа алғанда 90 мың теңге жалақы алады. Енді мұнда жұмыстан кеткендердің орнына жаңа қызметкерлерді алуды жоспарлап отыр.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА