Жолаушылар тасымалы және көлік жолдары басқармасының басшысы болып Қайрат НҰРТАЕВ тағайындалды.
Оның жасы 36-да, Құрманғазы ауданының Сафоновка ауылының тумасы. Бұдан бұрын облыстық жолаушылар тасымалы және көлік жолдары басқармасында бас маман, бөлім басшысы, басшы орынбасары лауазымдарын атқарған. Облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ Қ.Нұртаевты тағайындалуымен құттықтап, оған Ақтөбе-Атырау-Астрахан трассасының құрылысына ерекше көңіл бөлуді тапсырды.
Зульфия ИСКАЛИЕВА