Жұмабай ҚАРАҒАЕВ облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұдан бұрын ол Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған болатын.
Басқарманың бұрынғы басшысы Ақылбек БАЙШАХАНОВ өз қалауымен орнынан босатылды.
Ж. Қарағаев 2010 жылдан бастап қалалық және облыстық әкімдікте түрлі жұмыстар атқарды – ауыл шаруашылығы басқармасына, мемлекеттік сатып алулар басқармасына, қалалық ТКШ, жолаушылар тасымалы және көлік жолдары бөліміне басшылық етті. Сондықтан оның қазіргі тағайындалуы күтпеген жаңалық болмады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА