27 қаңтарда таңертең Теңіз кенішіндегі «Кентек Казахстан Техникал Сервисез» ЖШС-нің 120 жұмысшысы еңбекақыларын 50 пайызға көтеруді талап етіп, жұмысқа шықпай қойды.
Жұмысшылармен келіссөз жүргізген ЖШС басшылығы еңбекақыны 12 пайызға көтеретінін айтты, алайда, жұмысшылар бастапқы талаптарынан қайтпады. Осылайша жұмыс берушімен келісімге келе алмаған жұмысшылар жұмыстарын тастап кетіп қалды.
Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Нұрадин ӨМІРБАЕВТЫҢ айтуынша, негізінен нысандарды электрлі техникалық қамтумен айналысатын «Кентек Казахстан Техникал Сервисез» ЖШС-де Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келген 200-ге жуық жұмысшы вахталық әдіспен (28+28) жұмыс жасайды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА