Атырау, 28 қараша 00:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

12 мың теңгеге қол жеткізді

1 823 просмотра

Қызылқоға ауданының 67 жастағы тұрғыны сотта өзінің туу фактісін дәлелдеді. Енді ол зейнеткерлік жасы бойынша төменгі мемлекеттік жәрдемақы ала алады.

А. К. сотқа өзінің туу фактісін анықтау туралы өтінішпен жүгінген. Өйткені, бірнеше жыл бойына зейнетақы тағайындай алмай келеді. Ол 1949 жылы 10 наурызда дүниеге келгенін, ерте жетім қалғанын, бауырының қолында тұрғанын көрсеткен. Мұрағатта оның туу туралы құжаттары табылмаған. Сот барысында өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатының ешқашан болмағаны, еш жерде оқымағаны және ресми түрде жұмыс жасамағаны анықталды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Қызылқоға аудандық сотының шешімімен А.К.-нің өтініші қанағаттандырылды.

Оның жеке басын куәландыратын құжаттары түзетіліп берілетін болады және ол өзіне зейнетақы тағайындата алады.

Бұл өте сирек кездесетін жағдай. Біз Атырау облыстық бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінен А.К.-нің қандай жеңілдіктер ала алатынын сұрадық. Бізге ол зейнеткерлік жасқа жеткенде алуға тиесілі 12 719 теңге мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы ала алады, деп хабарлады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

27 қаңтар 2017, 17:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.