27 қаңтарда Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Гүлмира ДӘУЛЕТОВАНЫҢ қатысуымен брифинг өтті.
Оның айтуынша, Атырауда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сот құрылғаннан кейін алғашқы жылдары (2010-2011) алқа билердің қатысуымен өткен сот процестері аз болмады. Қазір олардың саны күрт азайған – 2015 жылы бірде-бір рет болмаған, 2016 жылы – бір рет болған (өз көлігімен сауна ауласына келушілердің бірін қасақана қаққан Серікқали Белесовтің ісі («АЖ», №... «Саунада кісі өлтіруші 15 жыл жаза алды»)). Г.Дәулетованың пікірінше, бұл сотталушылар тарапынан кәсіби судьяларға деген сенімнің артқанын білдіреді.
2016 жылы Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты 46 тұлғаға қатысты 29 істі қарастырған. Бұл сот инстанциясының тек ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша ғана істерді қарайтынын айқындаған жөн.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ