Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 1-тармағы («Көлік жүргiзушiнiң материалдық залал келтiрген жол жүрісі қағидаларын бұзушылығы») бойынша Д.-ға қатысты іс қаралды.
Сот жүргізуші Д.-ның бортты «Газельді» жүргізіп келе жатып, Авангард 4-ші ықшамаудандағы №1 үйдің алдында Джокер деген лақап аты бар итті қағып кеткенін және иттің сол жерде өлгенін анықтады.
Сотта ереже бұзушы өз кінәсін мойындап, иттің қожайынына материалдық зиян сомасын төлеуге міндеттелді. Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, оған 14 847 теңге айыппұл салынды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ