Атырау, 28 қараша 00:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Гүлдана Жекенованың ісімен енді полиция айналысады

1 910 просмотра

Гүлдана жекенова кіші қызымен. Жанарыс Жекенованың фотомұрағатынан

«Медиктердің жұмысынан айтарлықтай заң бұзушылықтар анықталды, біз Гүлдана ЖЕКЕНОВАНЫҢ қайтыс болу фактісі бойынша тексеру актісін әрі қарай тергеу үшін ІІД-ге жолдадық», - деп хабарлады Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Байтолла ҒАЗИЗОВ.

Индер ауданының тумасы Гүлдана Жекенова мен оның дүниеге келмеген сәбиінің қайтыс болу себебін тексеріп жатқан арнайы комиссия медиктердің жұмысынан ұйымдастыру-тактикалық және емдеу-диагностикалық сипаттағы, сонымен қатар медициналық құжаттаманы ресімдеуде бірқатар бұзушылықтарды анықтады. Мұның бәрі үш емдеу мекемесінен: Есбол амбулаториясынан, облыстық перинаталдық орталығынан және Атырау қалалық перзентханасынан анықталды.

Естеріңізге салсақ, өткен жылы Атырау облысынан ана өлімінің 5 жағдайы тіркелді. Арнайы комиссия Махамбет ауданындағы 29 жастағы Данагүл АМАНҒАЛИЕВАНЫҢ өлімін (бұл қарашада орын алды) медиктердің кінәcінен деп тапты. Мен Б.Ғазизовтан олардың қандай жаза алғанын сұрадым. Бірақ оның айтуынша, тергеу әлі аяқталмаған. Енді полиция тағы бір жүкті әйелдің өлімін тергемек. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

25 қаңтар 2017, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.