Атырау, 28 қараша 00:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атыраудағы шоқыну мерекесі

Сурет Бейнежазба
3 186 просмотра

Қазір Жайықта адамдар Шоқыну мейрамына байланысты мұздай суға шомылуда. Біз де судан құтқару қызметі кеңсесінің маңындағы өзенге бардық.

Соның алдында мұздан шомылатын ойық ойылған болатын. Таңертеңнен бастап бұл жерге түрлі діни сенімдегі адамдар көптеп ағыла бастады. Кейбірі, тіпті, отбасыларымен келіпті.

Бірі мұздай суға сүңгіп шықпақ, енді бірі тек көру үшін барса, үшіншісі ыдыстарына қасиетті суды жинап алу үшін келген екен. Қаншама уақыт тұрса да бұл су бұзылмайды деседі.

Әулие Успен соборының настоятелі Михаил әкей дұға оқып, қатысушыларды ойықтағы судан бүркіп, шомылуға рұқсат берді. Мұздай суға шомылғысы келгендер аз болмады. Ересектер мен балалар құтқарушылардың қырағы бақылауымен қуана суға сүңгіп шықты.


Марат ТАКУЛИН

Суретті және бейнежазбаны түсірген автор

19 қаңтар 2017, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.