Полиция Атырау-Дамбы жолында жасөспірім қызды қағып кеткен жүргізуші немесе көлік туралы қандай да болмасын ақпарат білетін барша жаннан 98-20-42, 98-20-22, 98-21-47 немесе 102 телефондары бойынша ІІД анықтау басқармасына қоңырау шалуды өтінеді.
17 қаңтарда таңертең қала түбіндегі Жаңаталап ауылының маңында Атырау-Дамбы жолында облыс орталығы жақтан келе жатқан белгісіз көлік 14 жастағы қыз баланы қағып кетіп, оқиға орнынан ғайып болды.
Зардап шегуші облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, сол жерде есін жимастан көз жұмды.
Зульфия ИСКАЛИЕВА