Соңғы күндері «Арнаулы автобаза» ЖШС-нің «жедел телефон желісіне» үйіліп қалған қоқыстар туралы 1-2 хабарлама ғана түскен. Ал өткен жылдың күзінде желі іске қосылған кезде тағатсыз соғылған қоңыраулар толастамаған еді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Арнаулы автобаза» ЖШС директоры Самат ТҰРНИЯЗОВ (суретте) хабарлады.
Оның айтуынша, осы уақыт аралығында «Арнаулы автобазаға» қоқысқа толған контейнерлер мен үйілген қоқыстардың шамамен 800-дей суреті мен бейнетүсірілімі жолданған. Сол кезде кәсіпорыннан қоқыс жинауға күн сайын бар-жоғы 12 қоқыс таситын машина шықты, сондай-ақ, шамамен 180-200 қызметкер жұмыс істеді. Олардың алатын жалақылары 40 мың теңге, содан болар, адамдар жұмысқа тұрақтамайды. Жүргізушілер оларға қарағанда сәл жоғары 65 мың теңге еңбекақы алады. Облыстық әкімдіктің қолдауымен кәсіпорынға жаңа арнаулы техникалар алуға және жұмысшылардың жалақысын 77 мың, ал, жүргізушілерге 90 мың теңгеге дейін көтеруге мүмкіндік туды. Нәтижесінде штат көбейді, қазір «Арнаулы автобазада» 613 адам еңбек етуде. Енді түнгі ауысымда жұмыс істеудің керегі жоқ, барлық қалдықты жұмысшылар күндіз жинап үлгереді.
- Бізде 202-дей түрлі техника мен арнайы машиналар бар, оның ішінде 39-ы өткен жылдың күзінде сатып алынған арнайы техника. Олардың 10-ы қоқыс шығаратын «КамАЗ», төртеуі өзі аударғыш жүк көлігі, «КамАЗ» базасындағы бір кран-манипулятор, бес «Урал» вакуумы, сегіз «Беларусь» тракторы, екі тиегіш, бір автогрейдер және сегіз трактор жалғамасы бар, – дейді Самат Тұрниязов.
ЖАҢА ПОЛИГОН ҚАШАН САЛЫНАДЫ?
Ай сайын ескі қоқыс полигонына 7 мың тоннадан астам қоқыс қалдықтары төгіледі. Қазіргі уақытта «Lisma BB» ЖШС қалалық ТКШ бөлімінің тапсырмасымен 40 жыл болған ескі қоқыс полигонын қалпына келтіру жобасының жобалау-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) әзірлеумен айналысады. Мұнымен қатар Махамбет ауданының аумағынан жаңа полигон салу үшін учаске (
Қазіргі кезде күн сайын қоқысты жинауға 22 қоқыс шығаратын көлік, 8 трактор, 14 тиегіш «КамАЗ» бен арнайы алты техника (тиегіщ, экскаватор-тиегіш және т.б.), шөп оратын бес құрылғы, манипуляторлармен жабдықталған екі «КамАЗ» көтергіш-жүк машиналар шығады.
Қала тұрғындары тұрғын ықшамаудандардағы мейрамхана мен ұсақ кафе қожайындарының көбінесе өз қоқыс қалдықтарын үй аулаларының контейнерлеріне лақтырып тастайтындығына шағымданады. Нәтижесінде қоқыс жәшіктері өте тез толып, тұрғындар үшін қолайсыздықтар тудырады.
- Біздің абоненттік бөлім заңды тұлғалармен, соның ішінде барлармен және мейрамханалармен жұмыс жасайды. Оларға өздерімен келісімшарт жасау керектігі туралы ескертеді. Заңды тұлғалар көбінесе аз төлеу үшін өз қоқыс қалдықтарының көлемін азайтады. Оларды тексеріп, хронометражды тексеруге біздің құқығымыз жоқ, - дейді С.Тұрниязов.
- Дегенмен де, 2014 жылы біз «Мерей» базарымен соттастық. Олар өз қоқыстарын жандарында орналасқан үйлердің контейнерлеріне лақтыратын. Біз камералар орнатып, өз инспекторларымызды шығардық. Яғни, қажет болса, мұндай фактілерді анықтауға мүмкіндігіміз бар, - деп оның сөзін орынбасары Қимеядин ШМАНОВ толықтырды.
ЖАҒАЛАУДЫ ҚОЛҒА АЛДЫ
Тағы бір үлкен проблема – қала маңында үйілген қоқыстардың туындауы және қала тұрғындары тұрмыстық қалдықтармен қатар қоқысқа лақтыратын құрылыс қалдықтары.
«Арнаулы автобаза» басшысының айтуынша, кәсіпорын тұрғындар үшін құрылыс қалдықтарын шығаруға міндетті емес. Өткен жылы қалалық сәулет бөлімінің өкілдерімен және учаскелік полиция инспекторларымен бірге бірнеше рейд ұйымдастырылып, 116 ұйғарым берілген. Сондай-ақ, 31 тұрғынға айыппұл салынған. Қалғандары ескертумен шектелді. Өйткені, олар ұйғарымды орындап, өздері шығарған қоқыстарды тазартқан. Қазіргі уақытта әңгіме жеке сектор туралы болып отыр. Көппәтерлі үйден қоқыс қалдығын шығарған қожайынды табу өте қиын.
Әрине, журналистер бұралқы жануарларды жоюмен және көмумен кім айналысады деген сұрақ қойды. Сөйтсе, олардың популяциясының азаюы үшін қалалық ветеринарлық бөлім жауап береді, ал оларды «Арнаулы автобаза» өртейді екен.
Бұл маусымда кәсіпорын жұмысы үшін ауа райы өте қолайлы болып тұр. Әзір мол қар жауған жоқ. Қалай болғанда да, басшылықтың айтуынша, олар қардан тазарту үшін арнайы 40 техниканы шығаруға әзір. Олардың ішінде, қар тазарту құралымен арнайы жабдықталған бес «КамАЗ», бес «Урал», тұз ерітіндісін шашуға арналған көлік, автогрейдер және т.б. бар.
Бұдан басқа, «Арнаулы автобаза» көпір мен оның таяныштарын жууға арналған бүйірінде щеткасы бар, сыйымдылығы
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген автор