Редакцияға қала маңындағы Еркінқала-2 ауылының тұрғындарынан бейнежазба келіп түсті.
Редакцияға WhatsApp арқылы ролик жолдаған Берік есімді тұрғынның айтуынша, еркінқалалықтар 2017 жылдың жоспарына ауылды асфальттау жұмыстары енгізілмегенін білген соң жиналыпты:
- Бұдан бұрын қалалық әкімдікте 2017 жылы жалпы ұзындығы
Еркінқала ауылдық округінің әкімі Ерғали ТАПАНОВТЫҢ айтуынша, шынымен де қала әкімі Нұрлыбек Ожаев болған кезде ауыл тұрғындарына 2017 жылы 6 көшеге асфальт төселеді деп уәде етілген. Бірақ 13 қаңтарда тұрғындармен өткен кездесу кезінде ТКШ бөлімінің өкілі биыл жобалау-сметалық құжаттаманы ресімдеуді аяқтауға ғана үлгеретіндерін хабарлаған. Сараптама мен тендерлік процедураларды есептегенде, жол салу жұмыстары 2018 жылы басталуы тиіс. Сондықтан әлі күтуге тура келеді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ