Бүгінгі таңда Атырау облысындағы «Қансонар» аңшылық шаруашылық субъектілері және аңшылар қоғамдық бірлестігі республикалық ассоциациясы өкілдігімен аталған облыстық аңшылар қоғамы Ассоциация басшылығына хат жолдады, онда олар ҚР Ауылшаруашылық министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің көктемгі маусымда үйрек аулауға тыйым салу туралы шешіміне келіспейтіндерін баяндаған.
Үндеу өкілдік директоры Ғайнет ҚУАНҒАЛИДЫҢ қолы қойылып жолданды. «Біз бұл шешімді ҚР биотүрлілікті сақтай отырып аңшылық шаруашылықты жүргізуден бейхабар шенеуніктер шығарған бұйрық деп есептейміз. Олар тіпті, көктемгі аңшылық кезінде үйректер мен аталық үйректер арасында олардың көптігінен үйректерге ұя салуға мүмкіндік бермеуіне байланысты қатынастарын реттеу жүргізілетіндігін білмейді. Шенеуніктер осылайша браконьерлікті жоямыз деп есептейді. Алайда, бұл дұрыс емес. Браконьерлер бұған дейін болды және бола бермек. Жыл сайын көктемгі және күзгі маусым кезінде аңшылардың өздері аң аулау ережесін бұзатындармен күресіп келеді. Міндетті түрде жуық арада облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясын штатпен және автокөлікпен қамтуды күшейту керек. Біздің облысымызда бар-жоғы 3 инспектор, олардың өзі көліктің және жанармайдың тапшылығынан өздерінің тікелей міндеттерін атқара алмай отыр.
Бәлкім, бірлі-жарым аңшылар шаруашылықтарында жабайы құстарды атуға рұқсат бар шығар, алайда, оны бүкіл республикамен салыстыруға болмайды. Ондай фактілерді анықтап, кінәлілерді жазалау керек. Сондай-ақ, қорықшы қызметінің өкілеттілігін күшейтіп, заң бұзушыларға құжат ресімдеу ережесін жеңілдету қажет. Әйпесе, әрбір қорықшы хаттама толтыру барысында куәгер ретінде өздерімен бірге екі бөгде адамды алып жүруге міндетті.
Ассоциация 20 жылдан аса уақыт әлемнің көптеген елдерінен келетін аңшылар үшін аңшылықты ұйымдастыру және алдын ала олар үшін құжат ресімдеуді ұйымдастыру бойынша жұмыс жасап келді, ал, енді соның бәріне тыйым салу керек. Сондықтан да бұл шешім ҚР туризмді дамыту туралы үкімет қаулысына қайшы келеді».
Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ