Атырау, 28 қараша 00:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Экипаж ұшу алдында ішімдік ішкен

2 383 просмотра

Image 015 қаңтарда ұшпай қалған «QazaqАir» әуе компаниясының Атырау-Ақтөбе-Шымкент әуе рейсінің экипажы алкогольдік мас болуы себепті рейстен алынып тасталды.

Бұл ақпаратты біздің бейресми ақпарат көздері растады. Дәлірек айтқанда, итальяндық ұшқыштар ұшу алдында ішімдік ішкен сияқты. Өйткені, оларды ішімдік иісі шығып тұрған соң медициналық куәландыруға жіберген. Куәландыру фактісі қалалық наркодиспансерде тіркелген.

«Атырау-Ақтөбе-Шымкент» бағытындағы борт 15 қаңтарда Атырау қаласының әуежайынан сағат 17.15-те ұшып шығуы тиіс екен. Алайда рейс алдымен 2 сағатқа кешіктірілді, содан кейін себебі түсіндірілместен келесі күнге ауыстырылған. Осылайша, 40-дан астам жолаушы тек бір тәуліктен кейін ғана ұшқан. Жолаушылар бірден экипаждың мас күйде болғанын айта бастады, тіпті ұшқыштардың спирттік ішімдікті қонақ үйде ішкенін растаған куәгерлер де табылды. Әуе компаниясы ұшқыштарының «Ренессанс» қонақ үйінде демалатыны белгілі. Осы оқиғаға қатысты Алматыға әуе компаниясының баспасөз қызметіне қоңырау шалғанымда, Сергей есімді жас жігіт (өзін толық таныстырғысы келмеді) мынадай реакция білдірді:

- Комментарий беретіндей ештеңе жоқ. Ұшу уақыты операциялық себептерге байланысты басқа күнге ауыстырылды.

- Себептерін атасаңыз.

- Экипаж ауыстырылды.

- Бірақ экипаж не үшін ауыстырылды?

- Денсаулықтарына байланысты.

- Бізде экипаж мүшелерінің мас күйде болғаны туралы мәлімет бар және оны наркологтар растап отыр.

- Иә, ұшқыш куәландырудан өтіп тұрады...

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

16 қаңтар 2017, 13:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.