Атырау, 28 қараша 00:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Сот қарияға кешірім берді

2 617 просмотра

№2 Атырау қалалық соты егде тартқан жасына байланысты қала тұрғынын қылмыстық қудалауды тоқтатты.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, зейнеткер С.К. ҚР ҚК-нің 339-бабы («Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу») бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Іс материалдарына сүйенсек, 2016 жылдың қазанында С.К. Жайық жағасында бейтаныс адамдардан 45 мың теңгеге 25 келі қызыл балық сатып алған. Осыдан кейін ол таксиге отырыпты, ал түсер кезде оны полиция қызметкерлері ұстаған.

Істі қарау кезінде сот оның егде жасы мен шынайы өкінішін ескеріп, қылмыстық істі тоқтатты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 қаңтар 2017, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.