Атырау, 28 қараша 02:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Парыз ба, қарыз ба?

2 865 просмотра

Image 0Атырау облысында оқыған дұғасы үшін жұрттан ақша талап еткен имам қызметінен босатылды. Бұл ақпарат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына сілтеме жасалып, тарап кеткен.

Құрманғазы ауданында Сәрсенбай КЕНЖЕБАЕВ дін қызметкеріне тән емес қылығымен көзге түсіп, ҚМДБ тексеру жүргізді.

Кенжебаев аудан орталығы Ганюшкиннен бес шақырым жердегі Жұмекен ауылында тұрған және сонда жұмыс істеген. Енді ол ҚР Бас мүфтиі Ержан қажы МАЯМЕРОВТІҢ бұйрығымен 10 қаңтардан бастап қызметінен босатылды.

Әлеуметтік желілерде Кенжебаевтың белгісіз адаммен 24 желтоқсанда жазысқан хабарламаларының скриншоты тарап кеткен:

- Молдаға құрметтеріңіз қайда? Бір сау болыңыз жоқ. Еңбегімді бермейсіз бе?
- Көпшілікпен жүргенде ұмытып кетіппін. Көп-көп рахмет. Бірінші күні еңбегіңізді апарып тастаймын. Айып етпеңіз.

Облыстың бас имамы Батыржан МАНСҰРОВ бұған қатысты комментарий беруден бас тартты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 қаңтар 2017, 22:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.