Атырау, 28 қараша 02:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырау делегациясы «Мәскеу үшін шайқасқа» қатысты

2 404 просмотра

Желтоқсанда Атырау делегациясының «Контрнаступление» әскери-тарихи қалпына келтіру фестиваліне қатысуы арқасында келер жылы ресейлік ұйымдастырушылар панфиловшы сарбаздарға арналған фестиваль өткізуді ұйғарды.

Ұйымдастырушылардың айтуларынша, олар жыл сайын Мәскеу үшін шайқастың түрлі тарихи эпизодтарын қалпына келтіруге тырысады. Биыл сценарийге мотоброневагон («Бронепоезд») мен партизан отрядының іс-қимылы енгізілген.

Қалпына келтірудің жалпы сценарийі үш эпизодтан құралды. Біріншісі – Руза ауданын қорғау. Екіншісі – оккупацияланған аумақтағы жазалаушыларға қарсы партизандар ұрысы. Үшіншісі – «Бронепоезд» қолдауымен контршабуыл. Біздің жігіттер, міне, осыған қатысты. Фестиваль қонақтары жаяу әскер, артиллерия, танктер мен бронетехникалардың қатысуымен тек әскери іс-қимылдарды ғана көріп қоймай, фестивальдың интерактивті алаңдарының: әскери-дала лагерьлерінің, госпитальдардың, дала асүйінің, әуе қорғанысы взводының, пулемет нүктелерінің, тир, артиллериялық батарея, винтаждық фотоателье мен әскери техника алаңының (танктер, әскери жүк көліктері, мотоциклдер, бронетранспортерлер) арқасында Ұлы Отан соғысының тарихымен жете танысуға мүмкіндік алды.

– Биыл «Контрнаступление» фестиваліне алғаш рет қазақстандық қалпына келтірушілер қатысты. Біздің тұрақты меймандарымыз - Белоруссияның және Украинаның әскери-тарихи клуб мүшелерімен (олар саясаттан тыс) бірге нағыз «бауырлас халықтар командасын» құрды. Астананы қорғау үшін бүкіл Кеңес Одағының сарбаздары бас көтерген 1941 жылдағыдай болды, - дейді фестивальді ұйымдастырушылар.

Әскери-тарихи фестиваль өтетін орын Мәскеу түбіндегі және 1941-1942 жылдары неміс-фашист басқыншыларымен кескілескен ұрыстар өткен Лызлово, Неверово және Колюбакино деревняларын қорғау шебі өткен Лызлово деревнясының маңындағы алаң болды.

Бір апта ішінде осы деревня түбіндегі шайқастарда 3 мың сарбаз қаза болды. Олардың қатарында қазақстандық жауынгерлер де бар. Мәскеу маңында мыңдаған қазақстандықтардың шайқасқаны белгілі. Олардың 40 шақтысы Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Қалпына келтіруге Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан көптеген әскери-патриоттық және тарихи клубтар қатысты. Қазақстаннан танымал іздестіруші, «Герои - Прикаспийцы» әскери-патриоттық орталығының жетекшісі Талғат ИЛЬЯСОВ жетекшілік ететін Атырау облысының делегациясы барды (сонымен қатар, оған жастар ресурстың орталығының жетекшісі Ринат Ғилажев, Даңқ орденінің толық кавалері Евгений Полыниннің немересі Юрий, жас атыраулықтар Қуаныш Жүсіпов пен Ескендір Ғалым). Сондықтан біздің отандастарымызға аңызға айналған панфиловшылардың рөлі тиді.

– Фестивальде бізді бірден 28 панфиловшылар деп атап кетті. Ұйымдастырушылар қалпына келтіруді шынайы тарихи оқиғаларға анағұрлым жақындатуға тырысты. Арасында шынымен ондаған жылдар бұрынғы уақытта тұрғандай немесе кинофильм түсірілімінде жүргендей күй кештік, - деп әңгімелейді Талғат Ильясов.

– Мәскеу үшін шайқас стратегиялық тұрғыда фашистер үшін өте маңызды болды. Сондықтан Вермах пен СС-тің үздік күштері шабуылдады. Немістердің элиталы бөлігінің қуатты тегеурінінен біздікілер орманға қарай шегінуге мәжбүр болды. Ал содан кейін қарсы шабуыл басталды. Біздің делегация Лызлово деревнясын азат еткен Сібір взводының құрамында болды. Бізге Мәскеуді қорғаушылар арасында гурьевтіктердің де болғаны белгілі. Сондықтан біздің сапарымыз жалпы отанымыздың астанасын қорғап, сол күндері қаза болған жандардың рухына құрметіміз болды.

Фестивальден кейін қазақстандық делегация Белгісіз солдат зиратына гүл шоғын қойып, Әлия Молдағұлованың есімі берілген мектепке аяқ басты. Фестиваль төртінші жыл қатарынан мыңдаған қатысушылар мен түрлі жастағы көрермендерін жинап отыр. Энтузиастар, тарих әуесқойлары, патриоттар – өз елінің тарихын там-тұмдап қалпына келтірушілерді түрліше атайды. 28 батыр-панфиловшылардың ерлігі төңірегінде жақында орын алған жанжал олардың пікірлерін өзгертпеді: өз елін қорғаған адамдар – батырлар. Болды, осымен тәмам.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

11 қаңтар 2017, 20:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.