Атырау, 28 қараша 02:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырауда уақытша тіркеуге қарсы флешмоб өтті

4 152 просмотра


Сәтпаев даңғылы бойындағы Атырау ХҚКО бөлімшесінің алдында белсенділер тобы уақытша тіркелу институтының енгізілуіне қарсы наразылық белгісі ретінде флешмоб өткізді.

- Кеше Ішкі істер министрі Қасымовтың заңға қашан қол қойылғанын білмейтіні, күндерді шатастырғаны белгілі болды. Бұл адамдардың осы өзгерістерді қалай қабылдағанын өздеріңіз көріп отырсыздар, - дейді қатысушылардың бірі Қасым ҚОЖАНТАЕВ. – Біз Қазақстан – тәуелсіз елміз, ал қазақстандықтардың туәелсіздігі қайда сонда?! Бізді лаңкестікпен күресеміз дегенді желеуретіп, Кеңес Одағына кері қайтарып отыр. Біз қарсы емеспіз, біз заңға бағынатын азаматтармыз. Бірақ мұндай заңдар мұқият әзірленуі тиіс. Мемлекет те қазақстандықтардың қалыпты өмір сүру процесіне мұның бәрі кедергі келтірмес үшін оны орындауға әзір болуы тиіс. Ал біз мұның қазір қалай орын алып жатқанын көріп отырмыз. Қоғамның қарым-қатынасын тікелей білдірген Азат ПЕРУАШЕВ, іс жүзінде заңның Ішкі істер министрінің қысымымен қабылданғанын мойындаған Ахмет МУРАДОВ секілді депутаттарға ризамыз. Сонда бұл мәселенің жан-жақты зерттелмегені ғой. Тағы да сол бұрынғыны қайталап отыр. Жер кодексі де осылайша «шикі» күйде қабылданды да, халық қарсы шықты. Біз бұл заңды орындауға міндетті мемлекеттік қызметкерлерге жанымыз ашиды. Олардың жұмысы, түсінеміз. Бірақ олар да адам. Іс жүзінде қазір оларды осындай заңдармен халыққа қарсы қойып отыр.


Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті және бейнежазбаны түсірген Марат ТАКУЛИН
11 қаңтар 2017, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.