Атырау, 28 қараша 02:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Судың келуін күтіп отыр

2 648 просмотра

Ынтымақ, Құрылыс, Аққала ауылдарында сегіз жылға созылған ауыз су құбыры мен су тазарту қондырғысының құрылыстары өткен жылдың аяғында аяқталды.

Үш мердігерді ауыстырған бұл нысандарды «АлауЖайық» ЖШС тапсырды. Құрылыстың созылып кетуіне бір жылдары құрылысына қаржы бөлінбей, жұмыстың тоқтап қалуы себеп болған еді. Аталмыш үш елді мекендегі ауыз су құрылысына бюджеттен 516 млн теңге бөлінді. Соның 24 млн теңгесі өткен жылы игерілді.

- Наурыз айының соңына дейін барлық техникалық құжаттар жасақталып, нысандар округ әкімдіктерінің теңгеріміне беріледі. Округ әкімдіктері кейін бұл нысандарды сенімгерлік басқаруға береді. Содан кейін тарифтер де бекітіледі, - дейді Индер аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы Бауыржан ИМАНҒАЗИЕВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

12 қаңтар 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.