Атырау, 28 қараша 02:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Судьялар корпусындағы тағайындаулар

3 309 просмотра

ҚР Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Жарлығымен Атырау облысындағы соттардың судьялары тағайындалды.

1981 жылы туған, бұрын Қызылорда облысында бас маман, аға сот приставы болып жұмыс істеген Самат Желдербаев пен 1985 жылы туған, бұрын Қарағанды облыстық прокуратурасының прокуроры болып жұмыс істеген Қанат Мақажанов Атырау қалалық сотының судьялары болып тағайындалды.

Бұрын Жоғарғы сотта бас кеңесші болып жұмыс жасаған, 1975 жылы туған Дина Трумова №2 Атырау қалалық сотының судьясы болып тағайындалды.

Бұрын Атырау қалалық сотының кеңсе меңгерушісі болып жұмыс жасаған 1983 жылғы Ботагөз Хасенова Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы болып тағайындалды.

Осы Жарлық бойынша «құрметті отставкаға» (20 жылдық өтілден кейін судьяларға құрметті отставкаға шығуға рұқсат етіледі) шығуына байланысты Атырау облыстық сотының судьясы Зәуреш Әбдіқұлова лауазымынан босатылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 қаңтар 2017, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.