Бүгінгі күні Атырауда барлығы 6 209 адам тұрып жатқан 23 апатты, 27 тозығы жеткен үйлер мен 12 жатақхана бар. Биыл көппәтерлі 6 үй мен жатақхананы күреу жоспарланған. Бұл туралы 10 қаңтарда өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Серікбай ҚАЗИЕВ хабарлады.
Өткен жылы тозығы жеткен және апатты баспаналарды күреу бағдарламасы бойынша Қожақаев 19 және 23, Бейбітшілік 68, Говоров 6, Құлманов 133 мекен-жайы бойынша 5 үй күрелді. Осы үйлердің 250 тұрғыны 77 жаңа пәтер алды. Бұдан басқа, Махамбет 97, Говоров 12 және Сырдария 1 мекен-жайындағы үш жатақхананың жеті жүз тұрғыны 112 пәтер алды. 2017 жылы Жарбосынов 89, Верхний өткелі 1 және 3, Бейбітшілік 64 мекен-жайы бойынша үйлерді күреу жоспарланды, 180 адам қоныстандырылды. Сонымен қатар, 3 жатақхана: Досмұхамбетов 15, Құнанбаев 13 және Гагарин 124 күреледі. Онда 700 адам тұрады.
– Жарбосынов көшесі, 89 мекен-жайындағы үй 2011 жылы апатты деп танылды. Билік оның тұрғындарына өтемақылар мен пәтерлер ұсынды, бірақ олар бас тартып, өздерінің ескі үйлері орналасқан ауданнан баспана беруді талап етті. Бізде мұндай мүмкіндік болған жоқ, - дейді Серікбай Қазиев. – Енді олар 60-70 мың доллардан өтемақы алғылары келеді. Бірақ өтемақы мөлшері олардың қазіргі баспаналарының нарықтық құнына қарай жүргізілетін бағалауға байланысты болады. Үй тұрғындарын мамырда қоныстандыруды жоспарлап отырмыз.
Зульфия ИСКАЛИЕВА