Атырау, 28 қараша 02:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​…Ал баспана элиталы болмай шықты

2 685 просмотра

Image 0Атырауда тұрғын үй сатуға маманданған екі жеке кәсіпкерге қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті өз сайтында хабарлады.

Жеке кәсіпкерлер әрекетінен жосықсыз бәсекелестік белгілері анықталды. Тұрғын нысандарды жарнамалау кезінде жобалау құжаттамасында көрсетілген баспана санатына сай келмейтін «элиталы» деген түсінік қолданылған.

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 177-бабының 2-тармағының 5-тармақшасына сәйкес, көрінеу жалған, жосықсыз және анық емес жарнама жосықсыз бәсекелестікке жатады. Тергеу нәтижелері бойынша жеке кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 қаңтар 2017, 19:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.