Атырау, 28 қараша 02:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Халыққа қызмет көрсету орталықтары 12 сағаттан және түскі үзіліссіз жұмыс жасайды

4 917 просмотра

9 қаңтарда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «қысқа мерзімде азаматтарды орналасқан жері бойынша уақытша тіркеуді ресімдеуге міндеттейтін заңнамадағы жаңалықтарға байланысты» Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысындағы өзгерістер туралы хабарлады.

Бұл туралы Астанада өткен брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік қызмет көрсету дирекциясы директорының орынбасары Шоқан ӘБДІЛМАНОВ хабарлады. Азғана түзетулер бар: Әбділманов 13 сағаттық кесте енгізу туралы мәлімдеді. Бірақ Атырау үшін кесте бір сағатқа қысқартылды. Біздің ХҚКО-ры таңертеңгі сағат 8-ден кешкі сағат 20-ға дейін түскі үзіліссіз жұмыс жасайтын болады. Бұл туралы облыстық ХҚКО баспасөз хатшысы Нұрлыбек БАҚТЫҒАЛИҰЛЫ хабарлады. Сонымен қатар, осы режимде 9 қаңтардан бастап 14 қаңтарға дейін жұмыс мерзімдері нақтыланды. Осы кесте бойынша азаматтарды қабылдау Атырау №№1 және 2 ХҚКО бөлімшелері (Сәтпаев даңғылы, 23 және Баймұханов көшесі, 16 «А») жүргізетін болды. Үшінші бөлімше (Азаттық даңғылы, 96 «Б») әдеттегі режим бойынша жұмыс істейді.

Дүйсенбі күні 9 қаңтардағы мәліметтер бойынша тек екі демалыс күнінде Қазақстанда уақытша тіркеуге 16 мыңнан астам адам уақытша тіркелу бойынша есепке тұрған.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

10 қаңтар 2017, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.