Атырау, 28 қараша 03:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Оң жақ жағалаудағы кәріздік төтенше жағдай

2 818 просмотра

Image 0
Қала әкімі Серік ШАПКЕНОВ Атыраудың оң жақ жағалауындағы кәріз тазарту құрылғыларының апатты ахуалына байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік сипатты төтенше жағдай жариялады.

Атырау облыстық бас мемлекеттік экология инспекторы Қанат ҚАЛМАХАННЫҢ айтуынша, бұл балансында қаланың екі жақ бөлігіндегі булану алаңы бар «Атырау Су Арнасы» КМК-нің кешенді тексеру нәтижесінде орын алған. Тексеру жұмыстары оң жақ жағалаудың кәріздік тазарту құрылғыларының іс жүзінде жұмысқа жарамсыз екенін көрсетті. Фекальды ағындардан ластаушы заттар деңгейінің шамадан тыс екендігі байқалды.

– Осы тексеруден кейін біз қала әкіміне төтенше жағдай жариялау туралы хат жолдадық, - дейді қалалық ТЖ басқармасының бастығы Михаил ХАГАЙ. Енді нысанды қалпына келтіру үшін қаржы іздестіру керек.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 қаңтар 2017, 20:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.