Атырау облыстық Халыққа қызмет көрсету орталығының департаменті жексенбі, 8 қаңтар күні мекенжайға тіркелу бойынша (бұл қызметке үлкен сұраныстың артуына байланысты) азаматтарды қабылдайтынын хабарлаймыз. Сондай-ақ, азаматтарды қабылдау сенбі, 7 қаңтар күні де жүзеге асырылды.
Атырау қ. ХҚКО-ның бөлімдері Сәтбаев 23 жəне Баймұханов 16А мекенжайларында орналасқан.
7 қаңтар мен 8 қаңтардағы жұмыс уақыты - сағат 9-дан 15-ке дейін.
Тіркелуші өзі болуы міндетті. Тіркелу үшін мынадай құжаттар керек: үй иесінің келісімі, үй иесінің жеке куәлігі, тіркелушінің жеке куәлігі, тіркелу үшін 227 теңге төлегені туралы түбіртек.
Сонымен қатар тіркелетін үй иесінің өзі немесе нотариус куәландырған сенімхаты қажет. Электронды сандық қол болған жағдайда азамат электронды үкімет арқылы тіркелуіне болады және тұрақты тіркелген жерінен тіркеуден шығу қажет емес.