Атырау, 28 қараша 03:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезек көбейді

Сурет Бейнежазба
2 736 просмотра

Image 3

Халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімшелерінде екінші күн қатарынан халық лық толы.

Биылғы жыл басынан бастап күтпеген жерден уақытша тіркелу институтын енгізу көпшіліктің сынын тудырды: енді шетелдіктердің осы елдің азаматтарына қарағанда, ҚР аумағында болу құқығы көбірек. Егер мемлекет шекарасынан өткен мейманның 90 күн ішінде тіркелмеуге құқығы бар болса, қазақстандықтар көрші қалада туыстарында, іссапарда немесе ем алып жүрсе, 10 күннен кейін рұқсат анықтамасын алуға міндетті. Бұл Халықтың көші-қоны туралы заң мен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстегі өзгерістерді мақұлдаған халық қалаулыларының арқасында орын алып отыр.

Image 1

Әзірге заң шығарушылардың ешқайсысы комментарий берген жоқ, ал форма киген адамдар жаңа талап бойынша 7 қаңтардан бастап айыппұлдар сала бастайтынын мәлімдеді. 5 қаңтардан бастап бүкіл елдегі ХҚКО бөлімшелерінде уақытша тіркелу туралы анықтама алушылар саны артты. Айыппұл жүйесі бірінші мәртеде 23 мың теңгеге дейін материалдық жаза береді.

Image 0

Атырау облыстық ХҚКО қызметкерлерінің айтуынша, келушілер саны үш есеге көбейген. Орташа алғанда, уақытша тіркелуге мұқтаж бір адамға қызмет көрсету бір сағаттай уақыт алады. Алдымен ол талон алу үшін ресепшнге кезекке тұрады, содан кейін көші-қон полициясының бағанына кезек алады. Бүкіл процедураларды ресімдеп болғаннан кейін анықтаманың дайын болуын күтеді. Мұның бәрінде уақытша баспана қожайыны еріп жүруі керек. Анықтама алу үшін сол жерден 0,1 АЕК (227 теңге) баж салығын төлеуі қажет. Жеке бас куәлігіңіз бен пәтерге құқық белгілеу құжатын ұмытпаңыз.

Image 2


Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

6 қаңтар 2017, 23:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.