Атырау, 14 қазан 09:26
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Оқушылар мен мұғалімдерге мектепте смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін

3 031 просмотра

Шығыс Қазақстан облысында оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, әзірше батырмалы телефондарға тек балабақша тәрбиешілері көшкен. Мұндай шешім ата-аналар қоғамдастығы облыстық кеңесіндегілер отырысында қабылданған екен. Осы мәселеге байланысты басылым редакциясына бірнеше ата-ана да хабарласыпты.

"Мен ата-аналар кеңесінің бұл шешіміне қарсымын. Менің ұлым кішкентай бала емес, өз заттарына өзі ие бола алады. Келесі жылы оқуға түседі. Емтихандарға дайындалуы керек, әрдайым мобильді интернеті де болу керек. Меніңше, бұл шараны сабақ барысында ойы бөлініп, түрлі видеолар көріп отыратындарға қолдану керек. Соларға мектепке смартфон әкелуге тыйым салу керек", - дейді оқушылардың бірінің ата-анасы.

Айта кетейік, шенеуніктер де осы мәселе бойынша пікір білдірді. Өскемен қалалық прокуратурасы ШҚО білім басқармасына хат жолдаған екен. Хатқа жолдаған жауаптарынла ведомство өкілдері гаджеттердің оқушылардың оқу процесіне кедергі келтіретінімен түсіндірген. ШҚО білім басқармасының білім басшысы қазіргі уақытта осы мәселе бойынша ата-аналардың пікірлері қаралып жатыр. Сонымен қатар, ведомство басшысы егер де ата-аналар бұл ұсынысты қолдамаса, жаңа ережеге өзгертулер енгізетінін айтты.

Сондай-ақ, басылым мәліметінше, жақын арада мектептерде смартфондарды сақтауға арналған арнайы жәшіктер пайда болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, осыған дейін ҚР БҒМ мектептерде смартфон қолдануға тыйым салатындарын айтқан болатын. "Әр мектеп смартфондарды қолдануға тыйым сала ма, жоқ па өздері шешеді. Нақты шешімге келу үшін ата-аналармен сөйлесу керек. Шынында да көп ата-ана балаларының мектепте смартфон қолдануына қарсы емес, себебі олар телефон арқылы балаларының қай уақытта мектепке жеткенін және үйге қайтатын уақытын бақылап отыра алады. Қазіргі уақытта көп мектептер сандық технологиямен қамтамасыз етілмеген. Сондықтан біз балаларға смартфондарды қолдануына тыйым саламыз деп айта алмаймыз", - деген еді БҒМ вице-министрі.

Дереккөз: Tengrinews.kz


6 қаңтар 2017, 12:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.