Атырау, 18 қазан 00:24
 дождьВ Атырау +15.1
$ 452.12
€ 508.95
₽ 5.41

Алаулар тағы да түтіндеуде

Бейнежазба
2 099 рет қаралды


«АЖ»-ға бір оқырман бейнежазба жолдады. Мұнда әлдебір кәсіпорынның алауынан шыққан түтін төңіректі тұмшалап алыпты. Автор мұның Теңіз кеніші екенін айтады.

Біз Атырау облыстық экология департаментіне: қайда және қашан шығарындылар болды, ҚР экологиялық заңнамасын бұзушы қандай жаза алды деген сұраққа жауап беру өтінішімен жүгіндік.

Өз хатында облыстың бас мемлекеттік экологиялық инспекторы Қанат ҚАЛМАХАН былай деп хабарлады: «Қазіргі уақытта экология департаменті ҚР экологиялық заңнамасын сақтау тұрғысында «Теңізшевройл» ЖШС-не тексеру жүргізуде. Осы факті бойынша тексеру нәтижелеріне тиісті жауап берілетін болады».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
5 қаңтар 2017, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.