Атырау, 14 қазан 09:20
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Techno Trading-тің наразы жұмысшылары аштық жариялады

2 085 просмотра

Фото: Аzattyq.org

Маңғыстау облысында бүгін Techno Trading LTD компаниясының ондаған жұмысшысы аштық жариялады деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Компанияда оператор болып істейтін Берік Ергенбаевтың айтуынша, Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылында өтіп жатқан наразылық акциясында 133 жұмысшы аштық ұстап отыр. Жұмысшылар компания басшылығынан жалақыны көбейтуді, тоқсан сайын берілетін сыйақыны тұрақты төлеуді, белсенділік танытқан жұмысшыларды қудалауды тоқтатуды талап етеді. Жұмысшылар сонымен қатар жұмыстың экологиялық зияны, қосымша атқаратын жұмыстары үшін де ақы төлеуді талап етіп отыр.

Жұмысшылар акцияда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан жұмысшылар құқығының тапталуына жол бермеуді сұраған плакат ұстап шыққан.

Жұмысшылар бүгін таңертең аштық жариялауға әуелі компания кеңсесі орналасқан Бірлік кентіне барғанын, бірақ кеңсені полиция қоршап алып, ешкімді өткізбегенін айтады.

Бұдан соң олар Қызылтөбе кентіндегі кәсіпода орналасқан "Мерей" қонақүйіне барып, аштықты кәсіподақ кабинетінде жариялаған. Жұмысшылар судан басқа ешнәрсе ішпеуге бекінген.

Жұмысшылар компания басшылығына аштық жариялайтыны туралы 23 желтоқсанда арыз жазғанын айтады.

Techno Trading компаниясындағы жұмысшылар наразылығы былтырдан бері жалғасып келеді. Бірнеше мәрте митинг өткізіп, кейде жұмысқа шығудан бас тартқан жұмысшылар жұмыс орындарын қысқартпауды, әлеуметтік төлемдер мен тоқсандық сыйақыларын тұрақты төлеуді, жалақыны көбейтуді, наразылық шарасынан кейінгі қысымды тоқтатуды талап еткен. Наразылық акциясынан соң алты жұмысшы – Эрик Мифтахов, Марат Кеммекиев, Ерсайын Түйешиев, Айболат Өтесінов, Жолдас Көкімбай, Мырзабек Изенов «себепсіз жұмыста болмады» деген айыппен жұмыстан босатылған еді. Олардың жұмыс берушіні сотқа берген шағымын қараған Мұнайлы аудандық соты компания басшылығының бұйрығын қуаттап шешім шығарған.

Дереккөз: Азаттық

5 қаңтар 2017, 16:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.