Атырау, 28 қараша 03:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Ұйқысы тынышталған Лис

2 875 просмотра

Image 0

Лис деген лақап аты бар осы ғажайып төбеттің қайдан шыққанын және қандай тұқымдас екенін ешкім дұрыс білмейді. Дәлірек айтқанда, бір кездері онымен достасқандар оны аула күзететін ит деседі. Бірақ оның қымсынған көзқарасын байқаған кезде бұл мүлдем маңызды болмай қалады.

Жайдары, айналасындағылармен жақсы тіл табысатын төбет сұрыптау станциясында мекендейтін. Ал ол жерде апта сайын теміржол составтарынан тауар тиелетін. Станция Атыраудың шетінде орналасқандықтан Лис адамдарды әрлі-берлі тасып жатқан көлік ағыны мен қатыгез жандардан шалғайда болды. Оның базаға қалай келгені де белгісіз. Бәлкім, мейірімсіз қожайындары әкеліп тастаған шығар. Сол округте күн сайын дерлік қаңғыбас иттерді жануарларды қорғайтын бастамашыл топтың өкілдері қоректендіретін, одан сарғыш жүнді итке де үлес тиіп қалатын. Балаларға ол ұяң ғана абалап, өзінен-өзі айналып, керемет би көрсетіп, алғыс білдіретін. Бір күні төбет жоғалып кетті. Оған үйреніп қалғандар уайымдай бастады. Үш тәуліктен кейін Лис еріктілердің көзіне шалынды. Әбден қалжырап-титықтаған, көңілсіз, бүйірлері қабыcқан, жүрісі де өзгерген. Ақсақтап емес, секіріп жүрді. Төрт аяқты жануар тамақ ішетін жерге жетіп, ыдысқа еңкейе бергенде, адамдар оның оң жақ бүйіріндегі екі аяғының жоқ екенін түсінді. Ол жерде тек еті көрініп, терісі жалбырап тұрды. Түрі аянышты, көмек қажет еді. Ойланып жататын уақыт болмады. Листі көлікке асығыс тиеп, ветеринарлық емханаға алып кетті. Итті алып келген жастарды дәрігер табалдырықтан аттағанда абдыратып тастады: ота жасалғаннан кейін оған күтім жасаймыз деп уәде беріңдер, әйтпесе мен оны ұйықтатып тастаймын деді. Қанша қажет болса, сонша қолдау көрсетеміз, деп мәлімдеді келушілер. Төбеттің зақымдалған жерлерін кесіп тастап, ойдағыдай ота жасалды. Ол сауығып кеткенше, еріктілер қайтадан сұрыптау станциясына барып, күзетшіден егжей-тегжейін сұрастыра бастады. Егде қарауыл Листің рельсте ұйықтап қалып, составтың жақындап қалғанын естімей қалғанын, сөйтіп аяқтарынан айырылғанын әңгімеледі.

Ақыға сыймайтын бұл әңгімеге, әрине, ешкім сенбеді. Шамасы, итті азаптаған болуы керек. Бірақ кінәлілерді іздеу бекер еді. Бірнеше күннен кейін итті емханада алып кетті. Ұстап тұратын ештеңе болмаған соң, протез салу мүмкін емес деп, ветеринарлар ескерту жасады. Бірақ бұл ешкімді абыржытпады, Листі сүйіспеншілікке бөлеп, оған 5-қабаттағы шағын пәтерден уақытша баспана тауып берді. Оған бір әйел күтім жасайтын болды. Төбет әйелге еш қиындық тудырмады, тамағы да жеткілікті еді. Мейірімді жандар оған тамақты қапшықтап әкелді. Лиске тек еркіндік қана жетіспейтін. Төрт қабырғаның іші өте жайлы әрі жылы еді. Ал мұндай жайлылыққа төбет бастапқыда үйрене алмады. Түнде біреуден қашып бара жатқандай, қалған екі аяғын жанұшыра қозғалтатын. Бәлкім, бұрынғы кездегі ойнақтап жүрген өмірі түсіне енген шығар.

Еріктілер желіден топ құрып, тілек білдірушілерге басқасына ұқсамайтын, бірақ өте көңілді, пысық төбетті серуендетуге алып шығуды ұсынды. Осылайша жарты жыл зуылдап өте шықты. Пәтер табалдырығынан өте сүйкімді бір қыз аттағанша, Листің достары да өзгерді. Виктория мен Лис тез достасып кетті. Екеуі бақта ұзақ серуендеді. Ит сол күні қыздың үйінде қалды, ал келесі күні Виктория оны қысқа уақыт ішінде жақсы көріп қалған өз отбасында қалдырғысы келетінін түсінді. Сары ит жаңа үйге көшіп, өзіне жамандық жасамайтын адал достар тапты. Өзінің жаңа тұрғын алаңын ол өзіне сүйкеніп, бауырмалдық танытатын екі мысықпен бөліседі. Қожайындары да енді оның тыныш ұйықтап жүргенін айтады.

Марат ТАКУЛИН

Суретті түсірген автор

2 қаңтар 2017, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.