Атырау, 19 желтоқсан 19:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

​«Теңізшевройлға» ақпарат бермегені үшін айыппұл салды

3 132 рет қаралды

Image 0

Атырау облысы бойынша ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті департаментіндегілер хабарлағандай, «Теңізшевройл» ЖШС ақпарат ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бұрын департамент ТШО-ға бәсекелестікті қорғау саласында ҚР заңнамасын бұзу белгілерінің бар-жоғын анықтау мақсатында (атап айтқанда, адал бәсекелестікті сақтау мәселелерімен жете танысу үшін) ТШО-ға сауал жолдаған болатын. Алайда белгіленген мерзімде жауап ала алмады. Сондықтан компанияға қатысты ҚР ӘҚБтК 162-бабы («Монополияға қарсы органның нұсқамасын орындамау. Ақпарат беру жөнiндегi мiндеттемелердi бұзу және үй-жайлар мен аумаққа кiруге кедергi жасау») бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен «Теңізшевройл» ЖШС-не 1600 АЕК (3 393 600 теңге) айыппұл салынды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

31 желтоқсан 2016, 13:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.