Атырау, 28 қараша 03:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Жыл адамы» — Бауыржан Тахауов

4 543 просмотра

Image 0

Атырау облыстық мүгедектер спорт клубының директоры, отырып волейбол ойнау бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Бауыржан ТАХАУОВ кезекті «Жыл адамы» облыстық ресми байқауының жеңімпазы атанды.

Бұл 22 жасында аяғынан айырылып, мүгедектік алған адамның еңбек сіңірген марапаты. Алайда осыған қарамастан ол өз аяғынан тұрып, өзін үлгі етіп, мүмкіндіктері шектеулі басқа жандарға жігер берді. Бүгінде Бауыржан Тауахов Қазақстандағы алғашқы әрі мүгедектерге арналған бірден-бір дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде жұмыс жасайды.

Бауыржанның бапкерлік өтілі – 18 жыл, ол ҚР-ның бес дүркін чемпионы, Банкгкоктағы Параазиялық ойындардың (1998) чемпионы, аға бапкер ретінде ҚР жастар құрамасын 2009 жылы әлем чемпионатында қола алқаға дейін және 2010 жылы әлем чемпионатында алтын алқаға («Б» дивизионы) дейін жеткізді. 2014 жылдан бері ҚР құрамасының бап бапкері, тірек-қозғалыс аппараты зақымдалған мүгедектерге арналған дене шынықтыру және спорт федерациясының төрағасы, ҚР Ұлттық Параолимпиада комитеті филиалының директоры.

Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайының «Фантазия» вокалды ансамблінің жетекшісі Любовь ИВАНОВА үздік мәдениет қызметкері атанды. Жыл мұғалімі - №6 орта мектептің бастауыш сыныбының оқытушысы Әлия АЙТМАҒАМБЕТОВА, жыл тәрбиешісі –№28 балабақшаның қызметкері Ләззат ИЛЬЯСОВА, үздік жыл спортшысы — халықаралық санаттағы спорт шебері, кикбоксингтен екі мәрте әлем чемпионы Абзал ДҮСІПОВ, жыл кәсіпкері – «Жігермұнайсервис» ЖШС жетекшісі Асхат ДҮЙСӘЛИЕВ. Атырау облыстық перинаталдық орталықтың акушер-гинекологы Назымгүл МЕҢДЕШЕВА үздік дәрігер деп танылды. Жыл журналисі «Атырау» газетінің қоғамдық-саяси бөлімінің меңгерушісі Баян ЖАНҰЗАҚОВА, жыл құрылысшысы - «А-Құрман Құрылыс Групп» компаниясының директоры Санат БЕКІМОВ, үздік құқыққорғаушы – Атырау қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция жол-патрульдік қызметі батальонының сержанты Айболат ӨТЕШҚАЛИЕВ.

Image 1

Аыл шаруашылығы бойынша «Жыл адамы» - «Тілекші» ЖШС директоры Орынғали АХМЕТОВ, әлеуметтік саладағы үздік жыл қызметкері – қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерді үйлеріне әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Елена ПЕТРЕНКО, үздік мемлекеттік қызметкер –Aтырау қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы Рабиға ЖАЛМҰХАНОВА. ТКШ бөлімінің үйлестіру және тұрғындармен өзара байланыс секторының меңгерушісі Жасұлан МҰҚАШЕВ коммуналдық саланың үздік қызметкеріне айналды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

30 желтоқсан 2016, 17:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.