Жаңа жыл қарсаңында атыраулықтарды кейбір азық-түліктердің бағаларының қымбаттап кетуі таң қалдырды. Мәселен, бір келі қияр 1000-1200 теңге болыпты. Ал бірер апта бұрын ол екі есеге арзан болған еді. Біз осы жыл үшін «АЖ» бағаларының апта сайынғы мониторинг мәліметтері бойынша негізгі азық-түліктер мен тауарлардың бағалары қалай өзгергенін бақыладық.
Желтоқсанның аяғында ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық БІШІМБАЕВ ең қажетті азық-түлік бағаларының динамикасына түсінік берді. Оның мәліметтері бойынша, әлеуметтік маңызды 33 азық-түлік тауарларынан алты тобы: шай, жармалар, тауық жұмыртқалары, бидай наны, тауық еті, қант-құмшекер бойынша өсім байқалады. Дегенмен, жыл бойына біртіндеп барлық тауарлардың бағалары өсті. Шілде айында нан бағасының күрт көтерілгенін атап өткен жөн: ол орташа алғанда 10 теңгеге қымбаттады. Наубайхана қожайындары сол кезде мұны ұнның қымбаттауымен түсіндірді: негізгі жеткізушілер бір келі үшін босату құнын 86-дан 103 теңгеге дейін көтерді. Нәтижесінде, дүкендерде ұн орташа алғанда 60-70 теңгеге қымбаттап, бір келісі 260 теңгеге жетті. Ал кейіннен макарон және кондитерлік өнімдер қымбаттады.
Сонымен қатар, аптап ыстықта қант бағасы айтарлықтай өсті. Егер маусымда бөлшек баға бойынша ол 245-250 теңгеге сатылса, шілдеде 280 теңге болды. Ал кей кезеңде жоғарғы баға 350 теңгеге жетті.
Төменде келтірілген кестедегі өзгерістер туралы толығырақ тоқталсақ. Қызық үшін, бүгінгі бағаны 2015 жылғы («девальвацияға дейінгі») бағамен салыстырдық. Комментарийсіз...
Energyprom.kz, сайтының ақпараты бойынша, Қазақстандағы инфляция деңгейі екінші жыл қатарынан біздің ЕАЭО бойынша көршілеріміздің көрсеткіштерінен асып кетеді. Мәселен, 2015 жылмен салыстырғанда, 2016 жылы Қазақстандағы бағалар мен тарифтердің өсуі 7,5 пайызды, Ресейде 5 пайызды құрады. Ал Қырғызстанда, керісінше, тұтынушылық тауарлар мен қызметтер, 1,5 пайызға арзандады. Бір жыл ішінде азық-түлік тауарлары Қазақстанда 7,8 пайызға, Ресейде – 4 пайызға қымбаттады, ал Қырғызстанда 4,4 пайызға арзандады. Қазақстанда азық-түлік емес тауарлар 8,6 пайызға, Ресейде 6,2 пайызға, Қырғызстанда 1 пайызға қымбаттай түсті.
Азық-түліктердің, тауарлар мен қызметтердің атауы | 2016 жылғы қаңтардағы орташа баға | 2016 жылғы желтоқсандағы орташа баға | 2015 жылғы қаңтардағы орташа баға | 2016 жылғы қаңтар мен желтоқсандағы пайыздық арақатынастағы бағаның өзгеруі | 2016 жылдың желтоқсаны мен 2015 жылдың басындағы пайыздық арақатынастағы бағаның өзгеруі |
Сүйекті сиыр еті (төс еті, кг) | 1165 | 1400 | 1055 | +20% | +32,7% |
Тауықтың сан еті (кг) | 445 | 560 | 491 | +26% | +14% |
Сазан (кг) | 460 | 575 | 625 | +25% | - 8% |
«Айналайын» сүті, 3,2% (л) | 212 | 262 | 240 | +23,6% | +9,2% |
Жұмыртқа (10 дана) | 273 | 293 | 215 | +7,3 | +36,3% |
President қаймағы, 15% ( | 363 | 399 | 315 | +10% | + 26,7% |
Сары май (спред, кг) | 432 | 480 | 351 | +11% | +36,8% |
«Лето» күнбағыс майы (л) | 429 | 450 | 293 | +4,9% | +53,6% |
«Цесна» ұны, жоғарғы сұрып, кг | 179 | 220 | 162 | +23% | +35,8 |
Күріш (кг) | 191 | 210 | 192 | +10% | +9,4% |
Бидай наны (бір бөлкесі) | 48 | 63 | 43 | +31,3% | +46,5% |
«Сұлтан» макароны ( | 135 | 160 | 122 | +18,5% | +31,2% |
«Топленое молоко» печеньесі (Рахат), кг | 471 | 550 | 367 | +16,8% | +49,9% |
Қант (кг) | 217 | 250 | 171 | +15,2 | +46,2% |
«Ассам» шайы, классикалық ( | 492 | 655 | 390 | +33% | +68% |
Картоп (кг) | 99 | 106 | 98 | +7% | +8,2% |
Пияз (кг) | 100 | 90 | 94 | -10% | - 4,3% |
Алма (Польша, кг) | 386 | 367 | 256 | - 4,9% | +43,4% |
«Ariel» (автомат) кіржуғыш ұнтағы ( | 1805 | 1920 | 2135 | +6,4% | - 10% |
Отын | |||||
Бензин АИ-92 (л) | 125 | 134 | 109 | +7,2% | +23% |
Бензин АИ-95 (л) | 140 | 149 | 157 | +6,4% | -5,10% |
Жаздық дизельдік отын (қ) | 99 | 128 | 167 | +29,3% | -23,3% |
Дайындаған Тамара СУХОМЛИНОВА