Атырау, 28 қараша 03:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап экономиканың кейбір салаларында нарықтық баға қалыптастыруға көшу туралы

2 928 просмотра

2015 жылғы 30 қарашадағы Елбасының Қазақстан халқына жолдауында айтылған президент тапсырмасын орындау аясында әрі қарай нарықтық баға қалыптастыруға көшу бағыттарының бірі - 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап реттелетін нарықтарда (теміржол тасымалы, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдерін өндіру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі, телекоммуникациялар мен пошта байланысы, сонымен қатар, газ саласында) мемлекеттік баға реттеудің жойылуы болып табылады. Бұл Халықаралық экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсынымдарына сай келеді.

Реттеу жүйелерін реформалау - баға реттеуден монополияға қарсы реттеуге көшу арқылы жүзеге асады (монополды жоғарғы бағаның анықталуына байланысты бұзушылықтарға жол бермеу, картельдермен күресті күшейту, сатылас келісімдерге жол бермеу және т.б.).

Сонымен қатар, реттелетін нарықтарда баға реттеуді жою ел экономикасына мультипликативтік әсер беретін жекелеген салалардың нарық субъектілері ұсынатын қызметтер бағасының әділетсіз өсуіне қауіп төндіруі мүмкін немесе әлеуметтік алаңдаушылық туғызуы мүмкін.

Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігі талдау жүргізіп, оның қорытындылары бойынша 2020 жылға дейін қоғамдық маңызды санатқа жатқызуға ұсынылатын нарықтар тізімі әзірленді. Атап айтқанда, газ нарығы – 2 қызмет (тауар газын бөлшек сату, сұйытылған мұнай газын топтық резервуарлық қондырғылар арқылы бөлшек сату), теміржол көлігі – 2 қызмет (теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметі, локомотивті тарту қызметі, теміржол жүк вагондарын жалға ұсыну қызметін, вагон операторлары қызметі мен ҚР аумағы арқылы транзиттік бағытта теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметін қоспағанда); азаматтық авиация - 5 қызмет (жолаушыларды отырғызу-түсіру (телескопиялық басқыш арқылы), жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңын) ұсыну, жүктерді өңдеу, әуе кемесін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету, тасымалдау процесін қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын әуежай орынжайын жалға ұсыну); электр энергетикасы - 4 қызмет (энергиямен қамтамасыз етуші ұйымдардың электр энергиясын бөлшек сатуы, сауда жүйелерінің электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыруға дайындығын қамтамасыз ету, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу, жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалану бойынша нысандар өндіретін электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату. Осылайша, елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалға теріс ықпал етуге жол бермеу мақсатында, қоғамдық маңызды нарықтарға баға реттеуді енгізудің аталмыш механизмі арқылы мемлекеттік баға реттеуден кезеңмен шегіну әдісі жасақталды.

ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің баспасөз хабарламасы

30 желтоқсан 2016, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.