Қазақстанның алты өңірінде, соның ішінде, Атырау облысында ӨРВИ сырқатының көбейгендігі байқалады.
Дегенмен, бұл тіпті бейресми мәліметтерсіз-ақ түсінікті: барлық кеңселерде бүгінгі күні медицина демпердесін киіп, түшкіріп-жөтеліп жүрген қызметкерлер көп. Әрине, оларға үйлерінде жатып емделген жөн. Бірақ, жыл аяғы болғандықтан тапсырылмаған жұмыстар мен есептердің ауыр жүк болып тұрары сөзсіз.
23 желтоқсандағы ахуал бойынша 2016-2017 жылғы эпидемиологиялық маусым басталғалы Қазақстанда ӨРВИ сырқатының 203 786 оқиғасы тіркелген. Бұл 10,5 пайызға көп. Ал Атырау облысында 65,5 пайызға артқан. Алайда, Атырау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ерболат УАИСОВТЫҢ айтуынша, бұл нақты цифр емес. Ол өткен жылы жергілікті дәрігерлер есептеген кезде жіберген қателік деп түсіндіріледі.
- Олар өткір респираторлық ауруды (ӨРА) - жай тұмау, ал өткір респираторлық вирустық инфекцияны (ӨРВИ) – вирустық инфекция деп есептеп, пациенттерге түрлі диагноздар қойған. Бірақ бұлай болмайды. Тіпті, халықаралық инфекциялық сырқаттар жіктемесінде ӨРА деген диагноз жоқ, тек ӨРВИ бар. Осыған байланысты ағымдағы жылы осы тақырыпқа арналған бірнеше семинар өткіздік, Алматыдан лекторлар шақырдық. Осы маусымда дәрігерлер ешқандай ӨРА-сыз жаңаша есеп жүргізді. ӨРВИ бойынша көбею себебі осы, - дейді Е.Уаисов.
Эпидемиологиялық маусым басталғанда (1 қазанда) облыста ӨРВИ бойынша 1144 жағдай тіркелді.
Сырқаттанғандар арасында 14 жасқа дейінгі 696 бала, 334 жүкті әйелдер бар. Эпидемиологиялық ахуалға үнемі бақылау жасалып отырады, есеп апта сайын жүргізіледі. Жылдың 50-ші аптасында ӨРВИ-ден сырқаттанғандар саны 266-ға тең, көрсеткіш 100 мың тұрғынға 45,1 болды (бақылау деңгейі немесе басқаша айтқанда, эпидемиологиялық шегі 100 мың тұрғынға 98,4-ті құрады). Өткен 51-ші аптада 151 адам сырқаттанды, көрсеткіш – бақылау деңгейі 104,6 болғанда 100 мың тұрғынға 25,6-ны көрсетті. Әрине, іс жүзінде сырқаттанушылар едәуір көп, тек адамдар түрлі себептермен дәрігерлерге қаралмай, ауруды аяқтай жүріп өткізеді. Айтпақшы, биыл ӨРВИ-мен ауырғандардың барлығы аурудың жөтелден және тұмаудан емес, іш өтуден басталатынын айтады.
- Вирустық инфекция тыныс алу жүйесін немесе асқазан-ішек жолдарын зақымдайды. Биыл, тіпті, ересектерде де ӨРВИ-дің ішек синдромынан басталатын ерекшелігі байқалады. Тағы бір ерекшелік – науқас жандарда 40-41 градусқа дейін жоғары температура болады. ӨРВИ-дің бұл түрі кәдімгі ӨРВИ секілді емделеді, бірақ іш өтуге қарсы препараттар қосуға тура келеді, - дейді 28 жылдық еңбек өтілі бар жоғарғы санатты жалпы тәжірибе дәрігері Гүлроза ТӘЖЕНОВА.
Сонымен қатар, эпидемиологиялық маусым басталғанда грипптің 5 жағдайы тіркелді, 4 жүкті әйел мен 1 сәби науқастанған. Қазіргі уақытта олар емделді.
Зульфия ИСКАЛИЕВА