Атырау, 28 қараша 02:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Болашақтың қамы - бүгіннен

PR
2 159 просмотра

Image 3

Атырауда «Ембімұнайгаз» АҚ (әрі қарай - компания) өндірістік құрылымдық бөлімшелерінің (әрі қарай - ӨҚБ) қызметкерлерін басқару мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.

Компанияның кадрлар қызметі үшін жыл қорытындысы бойынша семинарлар өткізу соңғы уақытта жақсы дәстүрге айналған. 2014 жылдан бастап Компанияның қызметкерлерді басқару және дамыту департаменті ескі жылдың қорытындысын талқылап, алдағы жоспарларды нақтылау үшін «River Palace» қонақ үйінің ғимаратына ӨҚБ-нің қызметкерлерді басқару бөлімдерінің барлық қызметкерлерін жинап, бас қосады.

Image 0

Семинар-кеңес жұмысына Компанияның бас директорының жаңа жобалар және технологиялар жөніндегі орынбасары Ануар ЖАҚСЫБЕКОВ пен «“ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру» АҚ-ның қызметкерлерді басқару және еңбекақы төлеу жөніндегі департаментінің директоры Эльмира КАРИМОВА қатысты.

- Ағымдағы жылда біз көп жұмыстар атқардық. Қолға алынған жобалар бойынша жұмыстар жалғастырылды, жаңа жоспарлар - атап айтқанда, дуалды оқыту жүйесін енгізу бойынша ауқымды әрі қызықты жоба жүзеге асырылды. Компания мұнайгаз саласына осы бағытта тың бастаманы қолға алған алғашқылардың бірі. Келесі жылы алдымызда қызықты міндеттер тұр, - деді әріптестеріне Компанияның қызметкерлерді басқару және дамыту департаментінің директоры Гүлбану ШАРАФЕТДИНОВА.

Image 2

Семинар-кеңес барысында қатысушылар проблемалы мәселелерді қызу талқылап, оларды шешу жолын бірлесе іздестірді. Түстен кейін «Кадр қызметкерлері үшін команда қалыптастыру» тренингі ұйымдастырылды. Шара сертификаттар табыстаумен аяқталды.

Image 1

Дуалды оқытуды енгізу жобасының басты мақсаты – “ҚазМұнайГаз" ҰК» АҚ-ның жоғарғы стандарттарына сай мұнайгаз саласы үшін мамандар даярлау және мұнайшылардың тәжірибе жүзіндегі дайындық сапасын арттыру. Оқыту сызбасы қарапайым әрі тиімді: айдың жартысында студенттер өз оқу орындарында теориялық білім алады және қалған уақытта компанияның өндірістік бөлімшелері - «Жайықмұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз» және «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармаларында (МГӨБ) ауысымдық әдіс бойынша жұмыс істейді. Әрбір жұмыс вахтасы үшін студенттер салық шығындарын қосқанда 66 мың теңге мөлшерінде өтемақы алады. Барлық оқыту, тұру, тамақтандыру, арнаулы жұмыс киімдері мен тасымалдауды ұйымдастыру шығындарын, сонымен қатар, студенттерге берілетін төлемақыларды төлеуді Компания өз мойнына алды. Дуалды оқыту аяқталғаннан кейін тестілеуден сәтті өткен 5 студент Компанияға жұмысқа қабылданды.

29 желтоқсан 2016, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.