28 желтоқсанда Нұрсая ықшамауданындағы №94 үйдің кілті жаңа қоныстанушыларға салтанатты түрде табыс етілді.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, 45 пәтерлік үй «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» желісімен «Тұрғындардың барлық санатына арналған баспана» бағыты бойынша 2020 жылға дейінгі Өңірлік даму бағдарламасы аясында тапсырылған. 45 отбасы пәтер алды, оның 21-і баспана кезегінде тұрғандар және төлем қабілеттігін растағандар, сонымен қатар, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банктің» 24 салымшысы.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ