Мұнай астанасы 2017 жыл қарсаңында әжептәуір көркейіп қалды. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі қаланы безендіру (иллюминация, Исатай мен Махамбет алаңындағы жаңажылдық шырша) тендерін оны 47 млн теңгеге безендіруді қолға алған компанияның ұтып алғанын хабарлады.
Бұл ақшаға Сәтпаев, Владимирский, Азаттық, Махамбет, Баймұханов, Абай, Әуезов даңғылдары мен көшелері, Смағұлов, Мұқашев, Құрманғазы және Ерниязов көшелерінің маңындағы қиылыстар мен айналма жолдар безендірілді. Үш көпір де: орталық, Авангард-Жилгородок көлік және жаяу жүргіншілер көпірлері неон шамдарымен жарақталды. Қазір жаңа жыл түні мерекелік отшашуды іске қосу үшін әзірлік жұмыстары жүргізілуде.
Айта кету керек, әлеуметтік желілерде Атыраудың безендірілуі туралы пікірталастар қызу талқылануда. Көпшілігі мұндай ақшаға ағаштарға ретсіз гирлянда іле бергенше, басқа нәрсе ойлап табуға болар еді деп есептейді. Интернет пайдаланушылары, сонымен қатар, тек орталық көшелердің ғана жақсы безендірілгендігіне қынжылыс білдірді. Исатай мен Махамбет алаңындағы бас шыршаға да едәуір сын айтылды. Кейбіреуі алыстан қарағанда оның даусыз, әдемі екенін, бірақ, жақындап келгенде ілінген әшекейлердің едәуір салмақты көрінетінін айтады.
…Мен бірнеше күн қатарынан Атырауды аралап жүріп, мерекелік атмосфераны суретке түсірдім. Қалада түрлі-түсті реңмен құбылып тұратын құрылымдар аз емес, бірақ, жалғыз ғана ТШО кеңсесінің қасында ұзағырақ тұрдым. Ғимарат та, шырша да үйлесімді безендірілген, менің пікірімше, Атыраудағы ең әдемі шырша - осы. Сенбейсіздер ме? Қараңғы түскен кезде сол жерге барсаңыз мерекелік көңіл-күйіңіздің көтерілетіні анық.
Марат ТАКУЛИН
Суретті түсірген автор