Атырау, 28 қараша 02:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Өлген мал үшін өтемақы төленуде

2 298 просмотра

Облыс көлеміндегі Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында және қаладағы нодулярлы дерматиттен өлген ірі қара малдың иелеріне өтемақы төлеу мақсатында респуликалық бюджеттен 175 млн теңге бөлінді.

Махамбет ауданы ветеринария бөлімінің басшысы Мұратбек СИДЕҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, бүгінде «Қазпошта» АҚ-ның Атырау облыстық филиалының аудандық бөлімшесі арқылы нодулярлы дерматиттен өлген 44 бас ірі қара малы иелерінің есепшоттарына аталған бюджет қаржысының 6 млн 488 мың теңгесі аударылған. Махамбет ауданында карантин 9 қарашада алынып тасталыпты.

Құрманғазы ауданы бойынша нодулярлы дерматиттен өлген 949 ірі қара малдың иелеріне өтемақы төлеу үшін 149 млн теңге бөлінген. Бүгінде мал иелерінің 80 пайызы ақшаларын алған. Өтемақы төлеу жалғасуда. Енді құрманғазылықтар ауданда карантинді алып тастау туралы облыс әкімінің шешімін күтіп отыр.

- Нодулярлы дерматит жұқтыру оқиғасы басқа аудандарға қарағанда біздің ауданда көбірек орын алды. Ауданда карантинді алып тастау жөнінде облыстық ветеринария басқармасы тарапынан облыстық әкімдікке ұсыным берілді, - дейді Құрманғазы ауданының әкімі Бибоз ШАЯХМЕТОВ.

Алдағы уақытта аудандағы ірі қара малын нодулярлы дерматитке қарсы вакциналау жоспарланып отыр.

Ал Исатай ауданында жұқпалы дерттен өлген 108 ірі қара малының иелеріне өтемақы ретінде төлеу үшін 17 млн теңге бөлінген.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА
29 желтоқсан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.