Атырау, 28 қараша 02:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қасқырмен күресіп, малды аман алып қалды

3 119 просмотра

Құрманғазы ауданындағы «Мақаш» өндірістік кооперативінің аға шопаны Әнуар ҚҰБАЕВ қыстақты торуылдаған қасқырмен бір өзі алысып, бір отар қойды аман алып қалды.

Оқиға желтоқсан айының 15-і күні түнде өндірістік кооперативке қарасты «Қадыр» қыстағында орын алған. Түн қараңғылығында дамылсыз үрген иттердің дауысынан оянған малшы аула жақты байырқап келуге далаға беттейді. Қырағы малшы түз тағысының аулаға секіріп түскенін байқап қалып, қолына тиген айырмен қораға кіреді. Қорадағы бар мал үрпейіп, иіріліп тұрғанын көргені сол екен, қасқыр тура малшыға қарай секіреді. Түз тағысының азулы тістері қолына батып бар жатса да жан дәрмендеп, итере шегініп, қолындағы айырмен қасқырды түйреп қалады. Мойнына дәлдеп тиген айырды суырып алғанда, қасқыр жерге сылқ құлайды. Ол екі-үш рет тұмсықтан ұрғаннан кейін түз тағысы жан тапсырады.

- Біз қасқырдың құтырған-құтырмағанын анықтау үшін басын сараптамаға жібердік, - дейді «Мақаш» ӨК бас маманы Ерболат ШАЙХЫМЕДЕНОВ. - ӨК құрамына 5 мыңға жуық қой, 97 түйе, 38 ірі қарасы бар 10 қыстақ кіреді. Қыстақтардың ұзақтығы 200 шақырым. Айналада қамыс көп және бұл қасқырлардың мекен етуі үшін қолайлы жер болып отыр. Біз тек малшылар үнемі сақ болсын деп, ескерте аламыз.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

29 желтоқсан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.