Атырау, 27 сәуір 04:14
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қайрат Әбдірахманов ҚР Сыртқы істер министрі болып тағайындалды

2 896 просмотра

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Әбдірахманов (суретте) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметінен босатылды,- деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Әбдірахманов Қайрат Құдайбергенұлы Талдықорған облысы Панфилов ауылында (қазір - Алматы облысы Жаркент ауылы) дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген (1987). 1987-91 - Қазақ политехникалық институтының тарих пәні бойынша мұғалімі. 1991-93 - ҚМУ аспиранты. 1993-97 - Қазақстан СІМ 3-ші, 2-ші хатшысы, бөлім бастығы, Азия елдері басқармасы бастығының орынбасары. 1997 - ҚР СІМ Азия елдері департаменті директорының орынбасары. 1997-98 - ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының бастығы, 4-ші департамент директорының орынбасары. 1998-99 - ҚР СІМ 3-ші департаменті, екіжақты ынтымақтастық департаментінің директоры. 1999-2001 - ҚР сыртқы істер вице-министрі. 2001-2003 - Ұлыбританиядағы ҚР Елшілігінің кеңесші-уәкілі. Сәуір, 2003 - наурыз, 2006 - Израильдағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі. 3 наурыз, 2006 - тамыз 2007 - ҚР сыртқы істер вице-министрі. Тамыз, 2007 - қыркүйек, 2008 - Австриядағы ҚР елшісі - ЕҚЫҰ-дағы ҚР тұрақты өкілі. Қаңтар, 2008 - ЕҚЫҰ экономикалық-экологиялық комитетінің төрағасы. Қыркүйек-желтоқсан, 2008 - ЕҚЫҰ мен Венадағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР тұрақты өкілі. Желтоқсан, 2008 - наурыз, 2011 - ЕҚЫҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі. Наурыз, 2011 - Австрия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі, Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі. 2-ші санатты Төтенше және Өкілетті Елші шеніне ие (2001).

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметінен босатылды.

Дереккөз: Аkorda.kz


28 желтоқсан 2016, 18:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.