Атырау, 14 қазан 07:39
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Тимур Сүлейменов ҚР Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды

3 146 просмотра

Фото: inform.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалсын" делінген Жарлықта.

Тимур Мұратұлы Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде туған. 2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін бітірген. 2002 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Мэриленд университетін іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі. 2010 жылдан бастап 2012 жыл аралығында - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі. 2012 жылғы 1 ақпаннан бастап осы тағайындауға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі) болды.

Сондай-ақ, Елбасы Жарлығымен Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі қызметінен босатылды.

Дереккөз: Аkorda.kz


28 желтоқсан 2016, 17:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.