Атырау, 28 қараша 02:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Тауық жылы табысты болғай!

7 563 просмотра

Жұлдызшылар келе жатқан 2017 жылғы қызыл Тауық жылына болжам жасауда. Өтіп бара жатқан маймыл жылының әрекеттері өткеннің еншісінде қалып, келер жылы Тауық бізді жағымды сыйлықтармен қуантады деген жорамал айтады. Мұның бәрі үміт береді, алайда, 2017 жылы әрқайсысы жоғарыға өрмелеуге тырысып, жақын тұрғанын шоқып алып, төменде тұрғанға арамдық жасап кетуге тырысатын өмірдің тауыққора заңымен жүрмегенін қалайды.

Балықшылық ШЕРСТЯНКИНДЕРДІҢ шағын үй шаруашылығында 30 шақты тауық бар. Мұнда тауыққора екі деңгейге бөлінген. Жоғарыда бес тауық пен әтештен тұратын ересектері, төменде – жастаулары тұрады.

– Алуан түрлі жастағыларды араластыруға мүлдем болмайды, әйтпесе, ересектер жас тұқымдастарын шоқып, таптап тастайды. Тіпті, егер ересек тауықтардың қасына жас қоразды жайғастыратын болса, олар сыйыспай, өздерінің беделдерін көрсетіп, оны басып тастайды. Жас тауықтар арасында қазір екі жас қораз бар. Біз бақылап, олардың қайсысының мінезі күшті екенін, жанұяны ұстауға қайсысының жақсы екенін қараймыз да, күштісін қалдырамыз. Ал бір тауыққорада екі ересек қораз ұстауға болмайды. Бұл мүмкін емес! – деп бөліседі қожайын әйел.

Бұл жердегі өзара қарым-қатынас оңай орнықпайды. Тіпті, адами мінез-құлықтардың әдемі емес үлгілері қайталанып жатады.

– Оларға тамақ апарған кезде астауға алдымен қораз жақындайды, тауықтарды шақырады да, өзі шетке ығысады. Жанұя басшысы тамақ ішуге соңынан кіріседі. Мұны сезетін және басқа мекендеушілерден өзінің артықшылығын көрсетіп қалатын қораздың өз сүйіктілері болады. Жоғарғы тор кергіште қоразға жақын сүйіктілері ғана орналасуға құқылы. Қалғандары – міндетті түрде төменге орналасады. Ал ең астында – қалғандары үнемі кемсітетін жанұяның ең әлсіз звеносы болады. Әрқайсысы әлсізді абайламаған болып шоқып кетуді өз борышы деп санайды. Аяқ астынан сырқаттанып қалатын тауыққа қатысты да сондай жағдай орын алады. Бүкіл жанұя оны шоқып-шоқып, қанаттарын жұлып тастайды. Ертеңгі күні тауықтың арқасы жалаңаш қалған жағдайлар да кездесті, - деп қожайын әйел асықпай отырып әңгімеледі. Тауық қораның әдет-ғұрпы туралы одан бұрын-соңды біреулердің сұрап көруі неғайбіл шығар.

Дегенмен, тауық қорадағы басты тұлға қораз болып қалады. Оның таң атпай «ку-ка-ре-ку!» деген дауысынан бүкіл жанұя оянады. Оның үнсіз келісімімен немесе қатты наразылығымен иерархия орнайды. Ол туындаған дүрбелеңді тез тоқтатып, бәрі бір сәтте тынышталып қалатындай жасай алады.

– Әр тауықтың өз мінез-құлқы бар. Бізде біреуі болды – ұлымызды не үшін ұнатпай қалғаны белгісіз, оған әр қолайлы сәтте шабуыл жасайтын. Ал онда жерде өткір тұмсық та, өткір тырнақ та бар ғой. Сөйтіп, одан уақытынан бұрын сорпа жасауға тура келді. Тауықтар да әртүрлі. Менде кезінде жақсы көретін айдарлы тауығым болды. Менің өзінен деген көзқарасымды сезе ме, білмеймін – мысық секілді тіземе секіріп шығып, өзін еркелетіп сипағанын жақсы көретін, - деп әңгімелейді қожайын.

Бағзы замандарда тауықтарды келер жаңа жыл қалай болатынын білу үшін сәуегейлік етуге қолданған. Мәселен, олардың алдына дән салынған тостаған қойып, егер олар тәбетпен шоқи бастаса, демек, жыл оңай болмайды, егер тостағанға назар аудармаса, бәрі жақсы болады, деп болжаған. Біз де бал ашып көруді ұйғардық. Біздің тауығымыз дән салынған тостағанды айналып өтіп, бізді аяғымыздан басымызға дейін шола қарап, үнсіз тауық қораға кетіп қалды. Ендеше, бұл жақсылықтың жаршысы деп сенгіміз келеді.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

29 желтоқсан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.