Атырау, 14 қазан 05:28
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Байқоңырдан 2017 жылы ұшырылатын зымыран тасығышының саны артпақ

2 360 просмотра

Қазақстан үкіметі Байқоңыр ғарыш айлағынан 2017 жылы ұшырылатын ғарыш аппараттары мен сынақ үшін ұшырылатын зымыран тасығыштарының жоспарын бекітті деп хабарлады Азаттық сайты қорғаныс және ғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.

Жоспар бойынша, Ресейдің федералдық ғарыш бағдарламасы аясында 2017 жылы Байқоңырдан ресейлік 17 зымыран тасығышы, оның ішінде екеуі "Ресей қорғаныс министрлігінің пайдасы үшін" ұшырылмақ.

17 зымыран тасығыштың сегізі - ресейлік сегіз "Союз" зымыран тасығышы. Олар ғарышқа ғарышкер басқаратын төрт "Союз МС" кемесін, үш "Прогресс МС" ғарыштық жүк кемесін және қашықтан зондылайтын "Канопус В-ИК" спутнигін алып ұшпақ.

Жоспар бойынша, келесі жылы жеті "Протон-М" және екі "Зенит" зымыран тасығыштары ұшырылмақ.

Министрліктің мәліметінше, 2016 жылы Байқоңырдан 11 зымыран тасығыш ұшырылған.

Дереккөз: Аzattyq.org

28 желтоқсан 2016, 12:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.