Атырау, 3 маусым 10:59
 дождьВ Атырау +13.2
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Н.Нығматулин депутаттарды қайырымдылық жасауға шақырды

1 691 рет қаралды

Фото: Forbes.kzЕртең Тәуелсіздік сарайында ел басшылығының қатысуымен дәстүрлі жаңажылдық қайырымдылық балы өтеді. ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин жалпы отырысты қорытындылай келе іс-шараға барлық депутатты шақырды, деп хабарлайды Baq.kz.

«Ертең сағат 19.00-де Тәуелсіздік сарайында ел басшылығының қатысуымен дәстүрлі жаңажылдық қайырымдылық балы өтеді. Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, аппарат қызметкерлері де шақырылған», - деп атап өтті Н.Нығматулин.

Мәжілісінің спикерінің айтуынша, бұл қайырымдылық акциясынан түскен қаржы шетелдік клиникаларда медициналық көмек алатын балаларды қолдауға жұмсалады.

«Барлық депутаттан мүмкіндігінше іс-шараға белсенді қатысуды сұраймын», - деді төраға.

Дереккөз: Baq.kz

28 желтоқсан 2016, 11:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.