Роман Волков - ұшқыштардың бірі
Мамандар Қара теңізге құлаған Ту-154 ұшағының бортында орналасқан дыбыс жазу құрылғысындағы мәліметті жариялады, - деп хабарлайды L!FE тергеуге қатысы бар дереккөзге сілтеме жасап. Оның айтуынша, экипаж бен кабина ішіндегі дауыстар жазбасы бүлінбеген.
Мамандардың айтуынша, төтенше жағдай экипаж мүшелері үшін күтпеген жағдай болған - бірінші секундтарда екі ұшқыш та сасып қалған, алайда тез естерін жинаған олар ұшақты аман алып қалмақшы болған.
Жазылған дыбыстарды талдауға шу кедергі болған. Мамандардың айтуынаш, экипаж мүшелерінің айтқан кейбір сөздері жеңіл оқылады, алайда кейбіреулер, яғни ең маңыздылары дабыл белгісінің дыбысынан естілмей қалуы мүмкін.
Жазба:
- ...Жылдамдық 300... (Түсініксіз.)
- (Түсініксіз.)
-Командир, тіреулерді алдым.
- (Түсініксіз.)
- Ух, е-мое!
(Қатты дыбыс шығады.)
- Жалғас қанатша, (...)!
- Биіктікті өлшеу құрылғысы!
- Бізге... (Түсініксіз.)
(Жерге жақындау қауіптілігін ескертетін дыбыс)
- (Түсініксіз.)
- Командир, біз құлап бара жатырмыз!
Дереккөз мәліметінше, екінші қара жәшік Орталық ғылыми зерттеу институтына жеткізілмеген және оның қашан тексерілетіні белгісіз.
Тәжірибелі ұшқыштардың айтуынша, егер жалғас қанатшада ақау болса, онда оны басқару мүмкін емес.
Дереккөз: Tengrinews.kz