Атырау, 14 қазан 05:23
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Тінікеев депутаттық мандатынан айыруды өтінді

2 142 просмотра

"Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттық этика кеңесі депутат Мұхтар Тінікеевтің өзін өкілетінен айыру туралы өтінішін қарап, бұл шешіммен келісті" деп хабарлады Азаттық парламент мәжілісі сайты.

Мұхтар Тінікеев өтінішінде "жуықта әлеуметтік желі арқылы тараған видеодағы әрекетіне өкінетінін" айтқан.

Парламент мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінікеевтің Қарағанды облыстық мәслихатының бұрынғы депутаты Николай Полевойды ұрып балағаттаған видеосы, Полевойдың "сіз мені депутат еттіңіз" деген сөзі әлеуметтік желіде жиі талқыланған тақырыптардың бірі болған.

Таяуда интернетте тараған даулы видеоға қатысты БАҚ-қа жауап берген Мұхтар Тінікеев мұны "екі жыл бұрынғы қалжың" десе, Николай Полевой "бала кезден бергі досы Тінікеевпен екеуінің арасындағы жеке мәселе" деп түсіндірген.

Дереккөз: Азаттық

27 желтоқсан 2016, 22:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.